Ауғанстанда Ашраф Гани мен Абдулла Абдулла билікті бөлісу туралы келісімге келді

18 мүмкін, 11:58
0 1

Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы Абдулла Абдулла 17 мамырда билікті бөлісу туралы келісімге отырды. Бұл туралы президент өкілі Седик Седикки твиттерде жазды.

 

Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен оның саяси бақталасы Абдулла Абдулла билікті бөлісу туралы келісімге отырған.

 

Седиккидің хабарлауынша, Абдулла Ұлттық келісім жөніндегі Жоғары Кеңесті басқарады. Оның командасының мүшелері үкіметке кіреді.

 

Саяси дағдарыс келісіммен аяқталды. Енді тәліптермен 18 жылға созылған соғысты бейбіт жолмен шешуге болады.

 

2014 жылдан бері Ауғанстан премьер-министрі қызметін атқарған Абдулла өткен жылы күздегі президент сайлауының ресми нәтижесіне келіспей, өзін президент ретінде жариялаған, бірақ халықаралық қауымдастық Ганидің жеңісін мойындаған.

 

Үкімет құрамын жасақтауға қатысты келіспеушіліктер 10 наурызда тәліптермен бейбіт келісімді бастауға кедергі болды. "Талибан" қозғалысы мен АҚШ бейбіт келісімге биыл ақпан айында қол қойған.

 

abai.kz