Назарбаевтың мәлімдемесінен соң меценаттар кәсіпкерлер 18 млрд теңге жинаған

22 марш, 00:48
0 1

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасы бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына меценаттар мен бизнесмендерден 41 миллион доллар түскенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Айдос Үкібай Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қайырымдылыққа Тимур Құлыбаевтан – 10 миллион доллар, Айдын Рахымбаевтан – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышевтан – 1 миллион доллар, Ғалымжан Есеновтен – 2 миллион доллар, Рашид Сәрсеновтен – 2 миллион доллар, Александр Клебановтан – 2 миллион доллар, Александр Беловичтен – 2 миллион доллар  түсті", - деді ол.

Елбасының баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта қорға түскен қаржы сомасы 41 миллион долларды құрайды. Бұл Ұлттық банктің бағамы бойынша 18,2 миллиард теңгеден астам сома болып табылады.

Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрғындарына үндеу жолдаған болатын.

 
 

Елбасы мәлімдемесі барысында ел басына түскен қиын кезеңде коронавируспен күреске ақша аудару үшін республикалық қор құруды ұсынды.