Коронавирус: Мемлекет басшысы елордадағы шұғыл әрекет ету орталығына барды

21 марш, 15:50
0 1

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін шұғыл әрекет ету орталығына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Twitter/Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: Twitter/Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады", - деді Тоқаев.

Ел президентінің мәліметінше, орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру.

"Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат http://coronavirus2020.kz сайтында", - деп жазды мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Қос қаладағы сауда орталықтары, мейрамханалар мен көңіл көтеретін жерлер өз жұмысын тоқтатты.Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер енді сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Автобустар тек 21:00-ге дейін жүрмек.

 
 

22 наурыздан бастап, бұл қалаларға кіруге және шығуға болмайды.