Жігітіме шындықты айтсам ба екен?

21 қараша, 17:50
0 1

 «Алаш айнасының» тұрақты оқырманымын. Бүгін өзімнің басымдағы жағдайды баяндасам ба деймін. Мен үйдің жалғыз қызымын. Жасым 25-тен асты. Артымнан ерген екі інім бар. Жұмыста бір әріптес жігітпен жүріп жүрмін. Жаңа жыл алдында құда түспек те ойы бар.
Негізі бұл жігітке тұрмысқа шығу туралы ойым болмаған. Бірақ ізімнен қалмай, көндіріп, достасып жүргенімізге 7 айдай болды. Жақында алдын ала құда түсіп қойып, алдағы жаз тойға дайындалмақ ойы барын жеткізді. Ұнататынын, үйленбек шын ойы бар екенін сезіп жүрмін. Үйдегілер де қарсы емес. Өзіңе ұнаса болды, ұзатып тойыңды жасап береміз деп отыр. Бірақ мәселе өзімде болып тұр. Таза емеспін. Жастықпен шалыс басып, 21 жасымда қателік жасадым. Одан кейін аяғымды аңдап басып, тіпті жігітпен достасуға да қорқып қалған едім. Алайда мына жігітімнің ақ адал ойы, көңілі ол ойымды өзгертті. Бірақ қыз емес екенімді айтуға бата алмай жүрмін. Жеңгем «айтып қажет емес, кейін бетіңе басып, берекетіңді алады. Тіпті ішіп кетуі мүмкін. Ең дұрысы қыздық жасатып ал» дейді. Ал мен өміріміздің өтірікпен басталғанына қарсымын. Бар шындықты айтып, алдын ала көзін жеткізгім келіп жүр. Бірақ бір шешімге келер алар емеспін.
Басында енді жүріп жүргенде жақндасқысы келетін ойын білдірген. Бірақ мен сырын білмеген соң, көнбей қойған едім. Содан қайтып ондай ойын білдірген емес. Кейде соған қарап мені қыз деп ойлап жүр ме екен деп ойлаймын. Бір шешімге келер алар емеспін. Не істесем болады. Ақыл кеңестеріңізді берсеңіздер екен. Әлде «мен білмеймін, ештеңе» деп мойындамай қойсам ба екен.
Әсел, Алматы.