Күйеуім бар-жоғы белгісіз, толық отбасы емеспіз

21 қараша, 23:26
0 1

Құрметті "Алаш айнасы" оқырмандары, маған ақыл-кеңестерiңiз қажет болып тұр! "Сырт көз сыншы" дейді ғой. 


Басынан бастап айтайын. Менiң жасым 25-те. Тұрмыстамын, 2 жылдан асты. Шүкiр қызым бар 1 жаста. Өзiм жоғары оқу орнында оқытушымын. Мен тұрмысқа шыққан жылы магистратураның 2-шi курсында оқып жүргенмiн. Басқа қалада. Тойымыз өттi бәрi жақсы болды. Тойдан кейiн мен сабаққа алматыға кетуiм керек болды. Күйеуiм жұмысы өскеменде, сөйтiп екеуiмiз екi жақта болдық. Мен айына 1-2 рет өскеменге барып тұрдым, жолдасым да келiп тұрды арасында. Мен тойдан кейiн 3 айдан кейiн көтердiм.

 Күйеуiмнiң басында тұрақты жұмысы болған. Содан неге екенiн бiлмеймiн, сол жұмысынан шығып кеттi. Бармаған қаласы жоқ, тиiп қашып жұмыс iстеп жүрдi. Қай қалада болса да, аяғым ауыр кезiмде барып жүрдiм оған. Маған ақша жiбермейтiн, арасында өзiм керек кезде сұрап алып тұрдым 5-10 мың. Өзiм грантта оқыдым 50 мың алатынмын, сол жететiн. Сөйтiп жүрiп өзiмнiң қалама келiп босандым. Қуанышымда шек болмады, алайда жолдасым перзентханадан шығаратын күнi басқа қаладан келдi кешiгiп. Сол кезде ренжiдiм оған. Шыққан соң жолдасымның ауылында болдық. Қызыма 1,5 ай болғанда қалаға алып кеттi. Пәтер тапқанша бiздiң үйде болдық. Менiң анам ғана бар, әкем жол апатынан қайтыс болған. Екi апайым тұрмыста, сiңiлiм мектепте оқиды, бауырым жұмыс iстейдi Астанада. Сөйтiп пәтер табылмады бәрi қымбат деп, анам қалағанша тұра берiңдер дедi. 9 ай тұрдық. Жолдасым 2 ай тұрып, басқа қалаға жұмысқа кеттi,


Сол кеткеннен мол кетіп, 1,5 ай жоқ болып кеттi. Содан келдi ақша жоқ, бастығымыз алдап кеттi деді. Сендiм, кешiрдiм. Содан ауылға бардық жолдасымның. Ол бiр аптадан кейiн жұмыс iстеймiн деп кетiп қалды, жоғалмаймын, хабарласып тұрамын деп. Содан 2 айдан асты келмедi, арасында ғана хабарласып тұрды. Енем жұмыс iстеп жүр, мазасын алма деп күнде айтып жүрдi. Шыдап жүрдiм, акырында кетемiн дедiм. Енем маған айтпағанды айтып, қазiр кетсен бұл үйге жолама, бiржола кет дедi. "Анаң қандай тәрбие берген, оңбаған екен" деді. Шыны керек,  анама тiл тигiзген соң шыдамадым. Мен өзiм ол кiсiге еш жауап қайтармадым, тек  мен туралы не ойлайтыңызды түсiндiм дедiм. "Сен қалага барып қыдырайын деп тұрсын" дедi. Ал менiң ойым қызымды мамама тастап жұмысқа шығайын дегем. Өйткені күйеуiмнен қайыр жоқ.

 Қызым 1 жасқа толған кезi едi. Айтып түсiндiрдiм ұқпады. "Кезiнде ұлыма айтқам саған үйленбе деп ұқпады" деп, ақыры енемнiн "маскасы" ашылды. Өзiнiң таңдап қойған қызы болған екен, кейiн бiлдiм. Бiрақ бiз жолдасыммен сүйiп қосылғанбыз. Сосын қызымды алдым да кетiп қалдым. Үйге келдiм. 1 аптадан соң күйеуiм келiп өзi жұмыс iстеп жүрген қалаға алып кеттi. Одан кейiн мен жұмысқа шықтым қайта. Күйеуiм ауылға барайық дедi, мен айттым менi қуып жiберген үйге бармаймын дедiм, оған қоса жұмысым бар. Ол жалғыз кетiп қалды. 1 ай болып қалды мiне келмедi, хабарласпады. Үйдегiлер ажырасып кет, кашанғы қорлығына шыдайсың дейдi. Ол бiресе келедi, бiресе кетедi. Бiр дұрыс жанұя болып тұрып көрмеппiз. Ажырас деп айта салу оңай әрине, бiрақ менiң басқа амалым қалды ма? Өзiм депрессияда жүрмiн. Көмектерiңiз қажет. Не iстеуге болады? Ақыл қосыңыздаршы өтiнiш.

Сәуле, Алматы