Үзілейін деп тұрған қарым-қатынасқа өзім нүкте қойып алармын деп қорқамын...

26 марш, 18:12
0 1

Сəлеметсіздер ме! Айтайын дегенім, отбасымдағы жағдай. Жасым жиырма екі жаста. Сарыағашқа тұрмысқа шықтым. Күйеуім Атырауда вахтада жұмыс істейді. Ене, атаммен бірге тұрамын. Күйеуім ылғи жұмыста. Айдың жарымынан көбін далада өткізеді. Екі ай болып қалды үйге келмей жүр. Жұмыс қауырт деп, əңгімеден қашады. Күйеуім біреумен жүріп жүргендей сезініп жүрген жайым бар. Арамыз суып кеткендей. Келгенінде де құшақтап, мейірленіп, мені жар жылуына бөлемейді.

Былтыр  егіз сəбиді өмірге əкелгенмін. Енді жақында тағы да аяғым ауыр екенін білдім. Дəл қазір бала тууды қаламаймын. Тағы бір бала тəрбиелеуге дайын емес сияқтымын. Соңғы кезде жүйкем ширыққаны сонша, өзімді-өзім ұстай алмай жүрмін. Баламен үйде отырғаннан ба? Бір түрлі көңіл-күйім түсе береді. Əлі ешкімге жақ ашқан жоқпын. Күйеуімнің де салқындауы кəдімгідей менің көңілімді түсіріп тастады. Бірақ...Күнə жасағым келмейді. Жолдасымның хабарынсыз алдыруға жүрексінем. Үзілейін деп тұрған қарым-қатынасқа өзім нүкте қойып алармын деп қорқамын...

Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не? Мына жарық дүниені сыйламай құрта салуға дәтім барар емес. Не істеймін?Ақыл беріңдерші.