Билік басындағы кейбіреуді көргенде осы анекдоттың рас екеніне көзім жеткендей болады

23 ақпан, 09:34
3810

Неміс, француз, қазақ үшеуі əңгімелесіп отыр екен. Неміс:
- Біздің елде медицинаның дамығаны сондай, жақында бір адамның екі аяғын трамвай басып қырқып кетті. Соны біздің врачтар орнына қайта тігіп берді. Артынша сол адам жүгіруден чемпион болды, - десе, француз:
- Жақында бізде де екі өкпесі жарамай қалған біреудің өкпесін ауыстырып беріп, кейін жүзуден чемпион болды сол кісі - деп бөсіпті. Қазақ не айтсам екен деп ұзақ ойланып отырып:
- Жақында біздің ауданда бір қойшыны қасқыр жеп кетіпті. Тек көтені мен екі құлағын ғана қалдырыпты - десе, əлгі екеуінің көзі бəңкі болып:
- Содан...
- Содан не болушы еді? Быраштар қос құлағын көтеніне тігіп берді. Сол адам қазір біздің ауданда əкім боп жүр - дееепті.
Ты-ты: Билік басындағы кейбіреуді көргенде осы анекдоттың рас екеніне көзім жеткендей болады да тұрады, болады да тұрады...

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан