Ойын клубында 200 мың теңгесін ұтқызған ақмолалық ер адам төбелес шығарды

23 ақпан, 13:46
550

Ақмола облысындағы ойын клубында ұтылып қалған мас ер адам ғимаратта төбелес шығарды деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің ресми сайты.

 

Оқиға 20 ақпанда Атбасар ауданында болған. Полицияға 57 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол мас ер адамның ойын клубында төбелес шығарғанын айтқан.

 

Келуші жанжалмен бастап, монитор мен компьютердің жүйелік блогын сындырған.

 

Оқиға орнына келген полицейлер төбелес шығарған ер адамның бұрын сотталғанын, осы клубқа жиі келетінін анықтапты.

 

Ер адам мас күйде болған. Ол осы клубта бірнеше мәрте ақшасынан ұтылғанын, алайда еш тоқтай алмағанын мойындапты.

 

 Күдікті сонда да ойынханаға келіп, ойнауын тоқтатпаған. Соңғы рет ол 200 мың теңге ұтылыпты.

 

Ер адам өз түсініктемесінде жанжал шығаруына ақшасын ұтылуы себеп болғанын айтқан.

 

"Бұзақылық" бабы бойынша өндіріс басталды. Күдіктіге қатысты "Келу міндеттемесі" мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

 

 

kaz.nur.kz