Тапанша ұстап, қоқаңдаған леңгірлік жігіттер ұсталды

23 ақпан, 12:05
566

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тапанша ұстап, желіге видео жариялаған жігіттерді анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Түркістан облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде &ldquoInstagram&rdquo қолданушыларының бірінің парақшасында жарияланған видеоға назар аударды. Онда жас жігіт қолына екі бірдей тапаншаны ұстап, боғауыз сөздерді айтқан. Сондай-ақ видео сыртында басқа да азаматтардың дауыстары естіледі.

 

Polisia.kz мәліметі бойынша, Төлеби аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері видеоны түсірген жігіттердің Төлеби ауданы Леңгір қаласының жергілікті тұрғындары екенін анықтады. Олар ойыншық тапаншаны ұстап, &ldquoВАЗ 21014&rdquo маркалы көлігінің артқы жағында тұрып видеоны түсірген. Содан соң желідегі жеке парақшасына жариялаған. Полиция қызметкерлері үш жігітке де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай жағдай кезекті рет қайталанбасы үшін уәделерін алды.

 

Жергілікті тұрғынның парақшасындағы бұл видео өшірілді.