Алакөлге демалуға барған 17 жастағы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

01 тамыз, 14:21
0 1

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қыз баланы топырақ басып қалды.

 

Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды.

 

Мәйітті топырақ астынан қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды.

 

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, қайғылы оқиға болған жер тексеріліп жатыр.

 

Биыл 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, Алакөлдің Ақши мен Көктұма ауылының тұсындағы жағалауды нығайту жұмыстары басталды деді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатов.

 

24.kz