Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болды деген күдікпен ұсталды

14 ақпан, 11:51
0 1

Оралда ер адам оқушы қызға шабуылдамақ болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

 

Басылымның мәліметінше, күдіктіні қыздың жылағанын естіген тұрғындар ұстаған.

 

Ер адамның оқушы қызға шабуылдамақ болған сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан пакет ұстаған ер адамның мектептен келе жатқан қыздың соңынан бара жатқаны анық көрінеді. Бұл видео Instagram желісіндегі "Жалоба Уральск" парақшасында жарияланған.

 

Видео авторының айтуынша, бұл жағдай кеше, сағат 14.20да Жеңіс ықшамауданындағы №27 үйдің кіреберісінде болған.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

БҚО Полиция департаментінің өкілдері бұл мәліметті растады. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібековтің айтуынша, ер адам уақытша ұстау изоляторында. 

 

kaz.tengrinews.kz