Алматыда әскери оқу орнында курсант қаза тапты

13 ақпан, 17:46
0 1

Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының қаза болуы дерегі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сұрауына берілген жауапта.

 

Оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

 

Алайда, Tengrinews.kz сенімді дереккөздерден алған мәліметінше, осы институттың екі курсанты 19 жастағы жігіттің денесін тапқан - екінші курста оқитын жігіттің денесі институт аумағында асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға 2019 жылы 23 желтоқсанда болған.