Керімбекова жаңа қызметі жайлы: некелерімді санамай, бата беріңіздер!

13 қаңтар, 23:51
1331

Керімбековаға Шымкент қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымы ұсынылғаны туралы хабар тараған еді
Ақбота Керімбекова мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

https://www.instagram.com/botakerim/?utm_source=ig_embed

Керімбековаға Шымкент қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болу ұсынылған еді.

"Иә, рас, Шымкент қаласының басшылығы, мәдениет саласының жетекшілері аталмыш қызметті ұсынды. Мен бірден келісе салған жоқпын, басқарма басшылығы маған саланың тыныс-тіршілігімен жете танысуға мүмкіндік жасауда. Тап қазір сала жұмыстарына зер салып, мемлекеттік қызметке орналасу үшін тапсырылуға тиіс тестке дайындық үстіндемін. Жазбалардан &ldquoзаң мен құқықтан хабарсыз&rdquo деген пікірлерді көзім шалды. Аталмыш тест барлық заңдық және құқықтық нормативтерді қамтиды", -деп жазды ол.


Әнші орынбасар қызметіне тағайындалуы жұртты алаңдатпауы керек деп ойлайтынын айтты.

"Осыған дейін 25 жыл үлкен сахнада жүріп, бүтін басқарма жасайтын жұмыстарды, бүтін құрылым жасайтын есептік концерттерді өзім жасадым. Мүмкіндігім келгенше мамандығыма адал болып, тыңдармандарыма сапалы дүние ұсындым. Соны енді елдік деңгейде мемлекеттік мүмкіндіктерді пайдалана отырып жалғастыратын кез келген секілді", - деп толықтырды Керімбекова.

Оның айтуынша, бұл қызмет өзіне ұсынылған алғашқы лауазым емес. Бұған дейінгі ұсыныстардан жастығы мен албырттығына байланысты бас тартқан.

"Қазір менде бәрі басқаша, көзқарасым да, ойлау-бағалау дәрежем де! Жылдармен бірге пайым-парасатым да жетіліп, кемелдене түсудемін! Менікі &ldquoұялмаған бұйырмағанды алады&rdquo емес! Кейбір кісілерге айтарым: некелерімде санамай, баталарыңызды беріңіздер! Сол абзалырақ! Ал тілеулестеріме айтарым: біздің ауылда да бір думан болатын күн жақын!", - деп түйіндеді ол жазбасын. 

 https://www.instagram.com/botakerim/?utm_source=ig_embed