«Сүйінші»: Әнші Қуандық Рахым үйленді (ФОТО)

18 қазан, 01:07
0 1

Отандық танымал әнші Қуандық Рахым шаңырақ көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанышты хабарды әншінің продюсері Жанна Әбуова инстаграм парақшасында жазды.

"Армысыздар, ағайын! Сүйіншііі! Бүгін берекелі күздің мерекелі күні. Қуандық ұлдарыңыз қалыңдығын ұясынан әкетіп жатыр. Бұйырса, екі жас отау құрады. Үбірлі-шүбірлі, үлгілі отбасы болыңдар! Қос ғашыққа тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар", - делінген жазбада.

Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, оларға өзінің жүрекжарды тілектерін білдірген.

Оқырмандар да әншіге жақсы тілектер мен "Қалыңдық Ақтаудікі сияқты ғо", "Шымкенттік қыз", "Шәуілдірдің қызы" деген пікірлер жазып жатыр.