«Алаяқтармен енді заңмен басқаша сөйлесемін» - Жазира Байырбекова

13 мүмкін, 23:50
0 1

Әнші жұп Жанболат пен Жазира өз аттарына ойнатылып жатқан жалған ұтыс ойындары жайлы айтты. Көпшілікке оларға сеніп, ұтысқа қатысып жатқанға ұқсайды.

«Біздің суретімізді қойып, атымыздан ұтыс ойынын ойнатып жатқандарға сенбеңіздер» деп қанша ескертсем де әлі қатысып жатыр екенсіздер. «Ондай алаяқтармен енді заңмен басқаша сөйлесемін», - дейді біздің директорымыз Аслан Бексұлтан.

Бұл Жазира Байырбекованың парақшасында жазған ескертуі.

Әншінің айтуынша олардың атын пайдаланып ұтыс ойнатып, ақша тауып жүрген алаяқтар бар. Өзі желі қолданушларына қанша ескерту жасаса да, ойынға қатысушылар саны азаяр емес.

«Осылай жұбттарың жазылмай, мәңгі бақытты болыңдар. Сіздер дұрыс істегенсіздер. Әйтпесе қанша қарапайым, халық отқа уймелеген көбелек құсап, ұрынып жатыр. Сол үшін алдын алғандарыңыз дұрыс болған. Қайтсін ортада азғыратындар ғой, құртатындар», «Дұрыс, заңмен қудалау керек, басқалар да сөйтсін», «Басқа әншілердің ойнатып жатқаны не сонда?», «Өтірік ақталу ма, ойнатып жатқан өздеріңіз шығарсыздар», – деп әртүрлі пікір жазды желідегі көпшілік.

 newsroom.kz