Таудай күнәларды арқалап жүрген біздерге берілген сынағы (жазасы) ма екен деп топшыладым

20 марш, 12:07
0 1

 Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары елімізде COVID-19 вирусына байланысты орын алған жағдайға алаңдаушылық танытып, өз ойларымен бөліскенді жөн көрді

 

saken_maigaziyev  Екі күн бұрын түсімде жұма намазға барыппын деймін.  ҚМДБ -ның (Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы) "Аты жаман індетке байланысты жұма намазы мешіттерде оқылмайды" деген пәтуасын естіп, жүрегім "шым" ете қалды. Адамды айыптау, дінге тіл тигізу, араздасу, таласу, тартысу, ғайбат, өтірік, маскүнемдік, нашақорлық, зинақорлық, жемқорлыққа жол беріп, жұманың бағасына жетпей жүрген, таудай күнәларды арқалап жүрген біздерге берілген сынағы (жазасы) ма екен деп топшыладым. Жұма мұсылмандардың қасиетті күні. Адамзат атаулының асылы Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) : "Күндердің сұлтаны - жұма күні. Адам Ата осы күні жаратылды", - дейді. "Жұма күні жуынып, тазарып, мешітке барып, хұтба тыңдап, намаз оқыған кісінің сол күн мен өткен жұма арасындағы барлық күнәләрінің кешірілетіні айтылады. Ал бұл күнді елемей, ешбір себепсіз жұма намазын үш апта бойы тәрк еткен кісінің жүрегінде перде пайда болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады, дейді асыл дініміз. АЛЛА тағала екі дүниеде де жүзімізді жарық қылғай. Жұма мүбәрак, жақсылар!

 

 

aigul_imanbayeva Құрметті ағайын!
Әлемнің көптеген мемлекеттерін жайлаған коронавирус инфекциясы біздің елімізде де тіркеліп жатыр. Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай жариялап жатыр. Біз қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткердік. Оның барлығында елдің бірлігі мен ынтымағы арқасында аман шықтық. Бұл індеттен де аман-есен құтыламыз буйыртса. Барлық қиыншылықты бірлесіп еңсереміз.
Тек бос байбаламға салмай, дәрігерлер айтқан қауіпсіздік шараларын сақтасақ болды. Бұл үшін көп нәрсе керек емес. Қолды көбірек жуып, науқас адамдармен араласпай, адам көп жиналатын орынға бармасақ болды. Бәріне шыдам керек. бір-бірімізге жақсы тілекпен ,ниетте болайықшы бір-бірімізге жақсы сөз айтайықшы. Жаратушымыз сол ниетімізге береді ғой сынақты!
Еліміз аман, деніміз сау болсын!

 

 

roza_alqozha Абай болайық! Карантин басталды!
Жақының қажет болса, ешкімге жақындама.
Бейғамдығың бауырыңа әсер ететінін ұмытпа!
Қалжыңды қойып, Алматы, Нұрсұлтан қаласындағы вирустың таралуына байланысты қатаң режимге бойұсынайық.
Тазалық!
Қол жуу, үйді күн сайын дезинфекция жасау!
Үйден шықпау!
Қонақ шақырмау!
Сабыр сақтау!
ДҮКЕНГЕ МАСКАМЕН БАРУ.
Маска жоқ болса матадан тігіп алайық.
Алла-тағала қазақтың елін, жерін өзі назарына алсын! Жұртымыз аман болсын!
Бүгін түнде бар қазақ бір мезгілде дұға етпекші. (таһажжуд) Намазда бір сапта тұрғандай, бір ниетте болайық! Алла ниетін қабыл еткен жамағаттан болайық!
АЛМАТЫ, АСТАНА, АЛЛАЖАР!

 

 

zhazira_bairbekova Кинотеарларды жапқаны үшін,той жасауға тыйым салғаны үшін,ойын сауықтарды тоқтатқаны үшін билікке өкпелеу орынсыз деп санаймын.
Бәріміз тәртіпке бағынып,осы індетті жоюға атсалысайық.
Әрине күнделікті тамағын күнде тауып жүрген жандарға бұл оқиға оңай соқпайтыны рас. Бірақ, Мұның бәрі халықтың амандығы үшін жасалып жатқанын түсінейік.
Барлық ауыртпалық артта қалып,той тойлайтын күнге де жетеміз Аллам қаласа!

 

 

baglan_abdraimov_official Бүгін қала тыныш. Бұл қазіргі көрініс. Жағдай күннен күнге ушығып барады. Сақтанып жүріңіздер! Сақтансаң, сақтаймын дейді ғой. Біз вирустан не үйренеміз?
1. Тазалықтың маңыздылығын;
2.Сақтықтың керектігін;
3.Денсаулықтың қадірін;
4.Адамның әлсіздігін;
5.Дүниенің жалғандығын;
6.Ажалдың жақындығын;
7.Алла тағаланың ұлылығын.
Аман болайық!