Қайрат Нұртас қызын тұған күнімен ерекше құттықтады (видео)

19 марш, 15:25
0 1

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас екінші қызы Алауға туған күнінде ерекше тосын сый жасады. Эстрада жұлдызы перзентінің құрметіне арнайы торт жасатып, оны түнгі сағат он екіден кейін алғашқылардың бірі болып құттықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Нұртас қызын туған күнімен құттықтап жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан өнер иесінің қолына үлкен торт ұстап, қызына ән шырқай өз құттықтауын білдіргенін көруге болады. Хитменмен бірге оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова да қосылып өлең айтқан.

Туған күнге орай жайылған дастархан басында Алаудан басқа оның әпкесі мен інілері де болды.

Елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты жұлдызды әулет мүшелері мерекелік шараны дүркіретіп атап өтпей, тек кілең ет-жақындарымен үйде өткізуді қаласа керек.

Әдетте, бірде-бір туған мен мейрамдарды ауқымды түрде тойлайтын отбасы бұл жолы сақтық шараларын барынша ұстануды жөн көрген.

 
 

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қызының туған күнімен құттықтап, Алауға деген ақа тілегін білдіруде. Сонымен қатар, олар жұлдызды жұптың мемлекеттегі жайттарды ескеріп, мерекелік шараны өз шаңырағында өткізіп жатқанына риза болғанын да жасырмады.

Айта кетейік, күні кеше 39 жастағы Дильназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге алып келген болатын. Өнер иесі алғаш рет ана атанды.