Дильназ Ахмадиева тұңғышын дүниеге әкелді

17 марш, 10:47
0 1

Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева тұңғыш рет ана атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дильназ Ахмадиева

39 жастағы әнші сүйіктісі Әзілхан Сейтбаевқа ұл сыйлады. Қуанышты хабарбен Дильназ инстаграм парақшасында бөлісті.

 

"Құттықтауларыңыз үшін бәріңізге рахмет! Біздің сәби қазірдің өзінде еліміздің азаматы! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз.Махаббатым! Бұл біз бірге жасаған ең жақсы нәрсе", - деп сезімімен бөлісті Дильназ Ахмадиева.

Бұған дейін әншінің тұңғышына аяғы ауыр екені хабарланды.