Әйгілі "Тақтар ойыны" сериалының жұлдызы коронавирус жұқтырды

17 марш, 10:31
0 1

"Тақтар ойыны" сериалында Азат халықтың көшбасшысын сомдаған норвегиялық актер Кристофер Хивью өлімге жетелейтін коронавирус індетіне шалдықты деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Фото: фильмнен кадр

Кристофердің айтуынша, қытайлық вирусты тексеруге тапсырған тест оң нәтиже көрсетіп, коронавирус індеті расталған. "Тақтар ойыны" жұлдызы өз отбасымен карантинде болады.

Актер әлеуметтік желіде өз оқырмандарына үндеу жасады. Оның сөзінше, отбасы оқшаулану туралы шешім қабылдаған.

Хивью өзін жақсы сезінетінін, алайда суық тию мен тұмаудың жеңіл түрі мазалайтынын айтты.

Ол жанкүйерлерінің сақтануын және бұл жағдайға қатысты салмақты көзқараспен қарап, абай болуларын сұрады. Актердің ойынша, бәріміз бірігіп, коронавирусты жеңе аламыз.
  • Кристофер Хивьюдің жасы 41-де.

Сондай-ақ, танымал актер Индир Эльбаның да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

 
 

People нұсқасы бойынша 2018 жылдың ең сымбатты жігіті сараптама нәтижесін білген бетте өз-өзін қоғамнан оқшаулағанын айтты. Ол ешқандай ауру белгілерін сезінбейтінін жеткізді.

  • "Тор" фильмінің жұлдызы 47 жаста.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясының тағы үш жағдайы анықталды.