Сот әнші әйелін соққыға жыққан Бауыржан Ашығалиевті ақтады

13 марш, 13:56
0 1

Алматы қаласында сот әйелі Ксения Ашығалиеваның аяусыз ұрып-соққан Бауыржан Ашығалиевті ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ксения

Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорның Facebook-тегі парақшасында жарияланды. 

 

"Сот  тек учаскелік инспектордың пікірімен санасып, Бауыржан Ашығалиевті толығымен ақтады. Басқа да куәгерлердің сөзі мен сот сараптамасының нәтижелері ескерусіз қалды", - деп жазылған қоғамдық қор парақшасында. 

Еске салайық, бұған дейін Әнші Ксения Ашығалиева өзін күйеуі соққыға жыққаны үшін сот отырысы өтіп жатқандығы жайлы айтылған еді.