Карточканы банкомат "жұтып" қойса, 1 минутта шығарып алуға болады

14 ақпан, 12:34
0 1

Стерлеград басылымы банкомат "жеп" қойған карточканы бір минуттың ішінде қалай шығарып алуға болатыны туралы кеңес ұсынады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Үш қарапайым әрекет керек:

 

"Жою/Cancel/Отмена" батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.

 

"Қызмет көрсетуді тоқтату" деген жазу шыққанша 10 секундтан бес минутқа дейін басып ұстап тұру керек.

 

"Жою/Cancel/Отмена" батырмасын жібермей, екінші қолыңызбен "Ия" деген батырманы басыңыз.

 

Басылымның жазуынша, картаңызды банкомат кері шығарып береді.