Мақпал Жұмабай:"Жаңа өмірге барынша тез бейімделейік, достар, сонда өзімізді де, өзгені де сақтаймыз"

22 мүмкін, 06:06
0 1

Жаңа өмірге бейімделу

Екі айдан бері аңғарған бір мысалды айтсам деп едім. Төтенше жағдай күшіне еніп, карантин талаптары күшейіп тұрған шақта жұмыс істеген БАҚ мамандары маска тағудың бар ережелерін игеріп алды. Яғни, бұл топ бетіндегі масканы ұстамайды. Әдетте адамдар бетін себепті де себепсіз күніне 3 мың реттей ұстайды екен. Бұл біздің тумысымыздан бергі өзімізге байқала бермейтін әрекетіміз болса керек. Міне, сол әрекетті осы маска тағу кезінде әбден аңғаруға болады. Алғашқы толқын қолының осы бір әрекетін күштеп қойдырып (ол үшін өзім қолғап кидім) қазір бетіндегі масканың бар екеніне назар аудармайтын болды. Алғашқы толқында, шынын айтсам, таңдау болмады. Олар соғыс жағдайында жүріп, өзін сақтауға мәжбүр болды. Сол үшін үйренді.

Мысалы, мен қазір маскамды қолмен ұстамаймын. Мені қазір масканы аксессуар ретінде дамыту бойынша "мәселелер" көбірек толғандырады. Түсі, құлақты тартпауы, жан-жағын тұтас жабуы, матасы, әрі-беріден соң жарасуы:) Италияда түрлі-түсті силикон маска шығыпты. Біреуін алсаң, фильтрін ауыстырып, өмір бойы тағуға болады екен. Мөлдір түрі де бар, күлкің көрініп тұрады.

Маска таққандардың екінші толқыны, ол – менің қашықтан енді жұмысқа шыққан әріптестерім. Олар маскаға маза бермейді. Масканы қолымен ұстай береді. Маскасы иегінде жүреді. Кейде аузын ғана жабады. Жаңа өмірге бейімделгенге дейін оларға біршама уақыт керек. Төзім тілеймін.
Казмедиа маска тағуды қойып кеткен еді, бүгін маскасыз жүрген адамды байқамадым. Жаңа өмірге барынша тез бейімделейік, достар, сонда өзімізді де, өзгені де сақтаймыз.

Кішкентай кезімізде көп естіген "қолыңды дұрыстап жу", "дұрыстап тамақ іш" деген аналардың сөзіне енді "маска тақ" деген сөз қосылғаны анық. (Суреттің әңгімеге қатысы жоқ).