Жанат Бақыт:""Вирус жоқ. Бұл ми жетпейтін әлемдік саясат" дейді"

18 мүмкін, 10:16
0 1

Қоғамның пікірі екіге бөлінді. Біреуі "Вирус дендеп тұр. Маска кимесең бақилық боласың" десе, екіншісі: "Вирус жоқ. Бұл ми жетпейтін әлемдік саясат" дейді. Бірінші жақ әуелі екіншісін сотқа беруге дейін барып жатыр. Бір-біріміздің жазбамызды аңдып отыратын жағдайға жеттік.
Вирус бар болсын, жоқ болсын, ештеңе Алланың қалауынсыз болмайды. Бұл да дұрыс болар...

Үйде отырып запы болғанымызбен, ойланып қарасаң... карантин тәубемізге келтіргендей.
Ақша мен мансаптан бұрын отбасының құнды екенін білдік.
Айлығымыз шайлығымызға жетпесе де кредиттің үстіне кредит алып, той тойлап, тағы бір банктен кредит алып, ана кредитті жауып былығып кетіп едік, оның дұрыс емесін түсіндік. Тіпті киетін киім мен ішетін асты да несиеге алып, бір теңгеден болса да жинамадық. Баяғыда "на черный день" деуші еді ғой, міне, жетті черный дені. Бір-ақ күнде апыр-топырымыз шықты. Не болды? Ешкім ақша жинамаған, үкіметтің 42500-іне қарады да қалды.
Ақшасы барлар жарыса зәулім сарай соғып қоймап еді, бір басына бірнеше көлік, қоймастан бірнеше қатыннан алды. (Ақшаның көптігінен есіріп, еркек еркекпен, әйел әйелмен жанасып, күнәһарға айналдық. Сосын Адамның көзі тойсын ба, жан-жақтан кеп мемақшаны "жеді" кеп, әлі де "жеуде". Қазақстан Коронавирус емес, алдымен Жемқорлықвируспен күресуі керек. Сонда барып ел гүлденуі мүмкін.
Міне, Күзде тағы карантин болады. Бұл рас па, сыбыс па, білмеймін, бірақ екінші карантинге қазақ енді дайындалады. Тапқанын жинайды, той жасамайды, жастар үйленсе де отбасы арасында шағын бір шәугім шәй беріледі. Былайша айтқанда біреуге мақтанатын понт қалайын деп тұр. Енді 5 миллиондық сөмкелердің өтуі екіталай, елдің шетелге ағылып баруы екіталай, 2 миллионға әншілерді ел тойға шақыруы екіталай.
Ескі үйлердің құны полюбому түседі. Өйткені елдің тең жартысы жұмыстан қысқартылады, ақшасы бардың бизнесі шатқаяқтайды. Үйді удай ақшаға алатын адам азаяды, ешкімде ақша болмаса, сұраныс болмаса әлбетте баға түседі. Ал Дүкенде заттар арзандайды;
Қазақтар, сондықтан ақша жинаңдар, хоть он мыңнан болса да каспий шотыңызға тыға беріңіз. Қазақ ет жемей тұрмайды, малмен айналысыңдар, міне инвестиция. Ақшаңызды банкте сақтасаңыз теңгемен, үйде ұстасаңыз $-мен ұстаңыз.