"Күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз": Балғынбек Имаш міндетті екпеге қарсы шықты

16 мүмкін, 13:43
0 1

Бұған дейін мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын мақұлдаған еді. Құжатқа сәйкес, елде балалар екпесінің бір бөлігі міндетті санатқа ауыстырылады. Бұл өз кезегінде ел арасында қызу талқыға түсуде. Міндетті екпеге қатысты пікір білдіргендердің арасында белгілі ақын Балғынбек Имаш та бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екпе жайлы ойын танымал тұлға өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!

Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.

Әлемді үрейлендіру! Әлемді кедейлендіру! Әлемді басқару! Әлемді вакцинациялау!Әлемді құл қылу! Жоқ, маскалы мырзалар!!! Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!Бізге Ризықты Алла береді! Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады! Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз! Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз!", - деген көпбалалы әке екпенің балаларына қалай әсер еткеніне де тоқталды.

"Менің 6 балам бар, алғашқы үш балаға екпе салдырғанмын, кейінгі үш балаға салдырмадым!

Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар!

Менің балаларым - менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!", - дейді Балынғбек Имаш.

Сөз соңында ақын Қазақстан азаматы ретінде егер алдағы уақытта Конституциялық құқығы тапталатын болса, ел азаматтығынан бас тартатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін аралас жекпе-жек шебері Қуат Найман да міндетті екпеге қатысты ойын ашық айтып, қарсылығын білдірген еді.