Нәзира Байырбек:"“Елде байлар балаларын “американский бағдарламамен” оқыту үшін айына 900 мың теңгеге дейін төлеп оқытады"

15 мүмкін, 07:41
0 1

Нью-йоркте жоғарғы сыныптағы балалардың не оқып, неге қызығатынын 9 сыныптағы қызым арқылы біліп отырамын.
Middle school-дағы балалардың оқитын бағдарламасы мен ортасы жайлы 6-сыныптағы ұлым арқылы білемін.

Бастауыш мектептер жайлы айтуға тіптен қиналмаймын. 4, 1 және Pre-K, яғни мектепке дайындықта оқитын балаларымның апайлары күні бойы маза бермейді.Онлайн-сабақ, кешке тікелей эфирге шығып ертегі оқып береді. Кейде байқасам, осы 1 оқитын қызымның кейбір үйреніп жатқан нәрселері менің қырыққа таяғанда үйренгендерім екен. Сыни ойлау, кез келген нәрсенің жақсы жағы мен жаман жағын ажыратып қарау, өз пікіріңді айту, мәтіндегі басты идея мен supporting idea-ларды ажырату. Одан қалса IELTS-тың reading тесті секілді күрделі тест жасайды.

Таңғалғаным, жәй би сабағының өзінде биді үйренген соң ондағы қимыл-қозғалыстар қалай, қай жері ұнады, қай қимылы ұнамады - пікірін сұрайды ғой. Біздегідей емес, әр нәрсене баланың өз көзқарасы қалыптасуына түрті болады. Онымен қоймай, өз ойын еркін айта білуді үйретеді. Ал енді осындай мектептерден кейін елге барғанда қиналып қалмай ма екен деп ойлайды екенсің кейде. Мұнда мұғалімдер баламен досындай сөйлеседі, тең дәрежеде... Бізде де солай болып келе жатыр ғой бірақ иә.)

Өзім әйтеуір карантинде Американың орта мектебінде білім алғандай болдым. Әсіресе, 6-сыныптағы ұлыма түсіндіремін, көмектесемін деп интереттен қосымша сабақ алып кеттім ғой.
Сабақтары шығармашылық қабілетті, сыни ойлауды дамытуға арналғанын көргенде қызығып кеттім. Қазір, Аллаға шүкір, бәрі бір жүйеге түсті. Басындағыдай шаршамаймын. Әрқайсысы өз онлайн-класына уақытылы қосылып жүр. “Елде байлар балаларын “американский бағдарламамен” оқыту үшін айына 900 мың теңгеге дейін төлеп оқытады. Сендер сол бағдарламаны тегін оқып жүрсіңдер ғой. Қадірін біліңдер” деп қоямын.

Балалардың дұрыс оқуына тағы қалай мотивация беруге болады? Тәжірибе алмасайықшы!