Келіп-кететін адамға ыңғайлы әуежай жасамасақ, бабаларымыздың “ұлы” болғандығын айтып ешкімді тарта алмаймыз.

14 мүмкін, 11:57
0 1

Алматының әуежайына қатысты “әу” демегенім “Блог ерлігіме” сын болар... Осыншама аэропорт саласының мамандары отырғанда біздің әуежайларымыз неге осындай деп ойлап жүрмін неше күннен бері:-))))

Менің ойымша, түріктер ол жерді гүлдендіріп жібереді. Түрік ағайындардың қолы тиген ғимараттар жайнап тұр ғой. Олар шағын ғана дөнерхананың өзін сүйкімді етіп қояды, ал біз даңғарадай ресторандарымызды көбіне келістіре алмай жатамыз.

“Өзімде жасамаймын, өзгелер де тыныш отырсын” деген қағида инфрақұрылым саласында жүрмейді ғой. Келіп-кететін адамға ыңғайлы әуежай жасамасақ, бабаларымыздың “ұлы” болғандығын айтып ешкімді тарта алмаймыз. Өткенде коронавирусқа қарамай, шетелге қыдыруға ұшқандарды көрдік қой...Ал, олар сол елдің бюджетіне қанша ақша құйып келді. Міне, туризмнің күші...Сондықтан мен түріктерге сатылғанына шын қуандым. Сіздер ше? 

Айсәуле Әбілдаева

инстаграм парақшасынан