Нәзира Байырбек:"Қазақстан деген қыңқ етпейтін көршісі бар ғой. Рахат"

06 мүмкін, 11:11
0 1

Таза мақтадан бір жейде тігіп шығуға 2700 лит су кетеді екен, ғалымдардың зерттеуінше. Бұл бір адамның жарты өміріне жететін су.

КСРО тұсында Өзбекстандағы мақтадан мата, киім өндірісін дамыту үшін су бас-көзсіз пайдаланылды. Оның соңы Қазақстандағы Арал теңізінің тартылуына алып келді.

National Geographic зерттеушілері осыны дәлелдеп, Арал үшін Өзбекстанды кінәлап жазып жүр.

Бірақ бұрынғы Аралдың тартылғаны үшін де, кешегі Мақтаралды су алғаны үшін де Өзбекстан жағы жауапкершілік сезінбейтін сияқты.
Қазақстан деген қыңқ етпейтін көршісі бар ғой. Рахат.)

Қойдан жуас, көнбіс, жалтақ қазағым-ау!
Бәрін қойшы, қарапайым ел, ауыл тұрғындары қиналмаса екен. 

Инстаграм парақшасынан