Сәуле Әбединова:"тойханалар фабрикаларға, кішігірім зауыттарға, спортзалдарға, миницехтарға айналса екен"

26 марш, 10:34
0 1

Осы сындарлы сәтті пайдаланып бәсеке-тойдан, дарақылықтан, ысырапшылдықтан құтылсақ екен.
Бір ай тойға бармасақ әжептәуір әдеттеніп қаламыз.
Негізі 150 қонақтан асырмайтын шектеуді бізде де қою керек.
Ал жалпы ұлды үйлендіруді ғана тойханада өткізіп, қалған қызық-қуаныштың барлығын отбасы ошақ қасында ең жақындарыңмен өткізу ләзім.
Менің арманым:
Жер-жерлердегі тойханалар фабрикаларға, кішігірім зауыттарға, спортзалдарға, миницехтарға айналса екен.