АМЕРИКАДА БАЛАНЫ ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕДІ

24 марш, 13:08
0 1

АМЕРИКАДА БАЛАНЫ ҒАЛАМДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕДІ

Кеше жаңалықтарды қарап отырып АҚШ-тың азаматы, 17 жасар Seattle қаласының оқушысы Avi Schiffmann желтоқсан айында Қытайда коронавирус шыққан кезден бері “Coronavirus tracker” сайтын жасап,алдымен Қытай елінің ауруға шалдыққандар статистикасын бақылап, одан кейін бүкіл әлемдегі ауруға шалдыққандардың санын қадағалап,осы ақпаратты 40 млн адам қолданғанын көзім шалды.

17 ЖАСАР БАЛА?! Балаларым Америка мектептерінде оқитын ата-ана ретінде бұл жаңалыққа неге таңдануға болмайтынын жазайын...

Біріншіден, тұңғышым 1 сыныпта өз фикшн-кітабын жазғанда аузым аңқиған.

Екіншіден, 6 жасар балаға қандай проблеманы шешесің деген мектептен берілген тапсырмаға:
“Көшелер мен үйлерді басқан тышқандарды тазартар” едім деп өзінің шешу жолын жазып барған кезін қалай ұмытамын?!

Қазір су ашылып қалса жүгіріп барып суды жауып, әлемдік су қорын сақтауымыз керек, жарық жанып қалса энергия босқа кетті деп іші ашитын,көшеде шашылған қоқыс көрсе, үлкендер экологияны неге ойламайды, жеріміз ластанып кетті ғой,шелекке тастауға не кедергі?! -деп, шыр-пыр болып жүретін әдеті де мектептен берілген білім ғой.

Оқитын кітаптарының мазмұны ғаламды бір мәселеден құтқару болса, жасайтын не зерттейтін ғылыми жұмыстары қоғамға, айналаңа келтіретін пайдаң,зиянды азайту болса

БҰЛАР ӘЛЕМГЕ ПАЙДАСЫН ҚАЛАЙ КЕЛТІРМЕЙДІ?!

Ал, бізде ше?!

Орыс тілін жаттау білмейді, математикадан есебін дұрыс шығармады, қазақ тілінен диктанты қатесі көп...

АМЕРИКАДА қандай?!

Қисық жазсаң да, қате жазсаң да- бастысы ӨЗ ИДЕЯҢДЫ ЖАЗ!

Идеяң керемет, келесі жолы қатеңді түзесең тіпті жақсы болады деп жазатын білім жүйесі.

Қисық жазғаныңа қарамаңыз, идеясын, ойын қуаттайтын аргументтері қандай соған мән беріңіз деп айтатын мұғалім...

Біздің білім жүйесі жаман деп айтпаймын, бірақ заманның дамуынан қалып кетпей, балаларымызды стандартты емес, ғаламдық деңгейде ойлататын деңгейге жетсек деген бір ой тек...

Илон Маск пен Стив Джобс,Цукербергтер неге Америкадан шығады, неге бізден емес деген сұраққа жауап осы.

Сіздің пікіріңіз⁉️Қай жерде ұтып не ұтылып жатырмыз?!

Балаларыңыздың ойлау деңгейі қандай?! Ғаламдық па,стандартты ма?! 

Назым Космосбек

Инстаграм парақшасынан