Айгүл Орынбек:"Жоғарыдағы жемқор шенеуніктер осылай ақша жасап отыр"

19 марш, 11:38
0 1

Құрметті Президент! Дәрігерлер сізге бұны айталмауы мүмкін, сол үшін мен айтайын! Себебі жоғарыдағы жемқор шенеуніктер осылай ақша жасап отыр.
Бүкіл ауруханаларға бөлінетін дәрі- дәрмектер толық жеткізілмейді. Кейбір ауруханалар, дәріханалармен мен сыбайлас. Мемлекеттен бөлінген дәрі- дәрмектерді дәріханаларға өткізіп отыратын басшылар бар.
Дәл қәзір вирус өршіп тұрған уақытта жергілікті құзырлы органдар тарапынан комиссия құрылып, ауруаналарға берілетін дәрі -дәрмектер тексерілуі керек! Тендер арқылы жеңіп алған компаниялар, жоғарыдағы кейбір жемқор шенеуніктерге өз откаттарын беріп қойған соң, дәрілерді әкелмейді. Қарапайым шприцтер жоқ, бәрін халықтың өзіне алдырады.Ауруханалардың жағдайы санитарлық тазалығы талапқа сай емес. Жәй ғана хлорка таппайсың. Төсеп жататын жаймалар мен, стөлдері совет үкіметінен қалған. Жоғарыдан бөлінген қаржы тиісті орынына жетпеген соң, ауруханалардың жағдайы ең төменгі дәрежеде. Халықтың денсаулығына алаңдап, төтенше жағдай жариялағаныңыз үшін ерекше алғыс айтамын. Біздің медицина саласы дамыған елдердіңкіндей болса, отыз адамға жеткенде жариласа да болар еді. Президент ретінде елдегі ахуалды іштей біліп, ертерек қамданғаныңызды дұрыс деп санаймын.
Ауруханалардың іші талапқа сай емес, біздің врачтар вирустан қалай қорғануды білмейді. Астана,Алматы керемет шығар, ал ауыл аймақта ауруханаларда бинт пен жәй ғана мақта таппайсың! Ақшасы барлар аман қалып, ақшасы жоқ қара халық, қырылып қалғанын қаламаймын. Ем дом үшін керекті дәрі дәрмектер мен құралдарды, ауыл аймақтарға толық жеткізілуіне нақты тапсырма берсеңіз!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек