Пионер Құралай:"вирустан емес, өз ішімізден даурығып өлетін түріміз бар"

16 марш, 08:52
0 1

Коронавирус, кет, кет, кет, жолама

Әйтпесе вирустан емес, өз ішімізден даурығып өлетін түріміз бар ‼️‼️‼️ Бұл менің жеке субъективті пірім, келісу-келіспеу өз еркіңіз. Бірақ... Бірақ... бұл... Бір жағынан күлкілі, бір жағынан қорқынышты жағдай. Иә, келісемін, оған жеңіл қарау керек. Қазақ не көрмеді дейсің, бұл індетті де өткерер.

Бірақ... соңғы уақытта мына бір жайтке қатты таңданып жүрмін. Қандай жағдай болмасын қоғамда, біздің әсіресе, азаматтар әлі тобыр психологиясынан арылмапты, оның үстіне көп нәрсеге немқұрайлы қарайтынымыз тағы бар. Сөйте тұра дырқ еткен пәленің бәріне Үкіметті ғана кінәлап шыға келеміз. Билікті жақтағаным емес - бұл. Екі жақтың да әрекетін көріп, бағалап жүрген адам ретінде айтпағым. Тіпті журналист ретінде емес.
Коронавирус желтоқсан айында Қытайдан басталды. Естіп-біліп жүрсіздер. Мұхит асып Америкаға жетті, Еуропаға келді. Соңғысына келді деген сөз - бүтін әлем ауырды дегенді білдіреді. 21-ші ғасырдың көзі ашық, көкірегі ояу азаматы мұны білуі, ең бастысы түсінуі керек қой, Біртанов айтпай-ақ. Эй, сигнал - осы. Шықпа сыртқа, шапқылама, жұмыс жоспарың болса, кейінге шегер деген ұғым ғой. Өліп барасың ба? Ауру тарап жатқан елге бармай тұра тұруыңа болады ғой, уақытша. Жоқ, біздікілерге тыңдамай баруы керек. Джетпен барғандары бар, мақтанып, өздерінше. Есің дұрыс па? Ең болмаса, туыстарыңды, отбасыңды ойласай, басқаға түкірсең де! Еуропадан келіп алып, тығылып жатқандары қаншама, неге сені дәрігерлер, КНБ қосып алып, итпен іздеуі керек? Дерт тараған елден бортпен келдің бе, бірден неге өзің ауруханаға "мені тексеріңдерші" деп сескеніп бармайсың? Өзің үшін бірінші кезекте. Енді кіммен контактіге түстің десе, айтпай жатқандары бар, масқара. 73 адам 73 жаққа кетті. Солардың бірі кемі 10 адаммен байланыс жасайды, ол 10 тағы кемі 10-мен, кете береді қауіп. Ия, бортты жіберіп алған санитарлар да оңбайды. Олардың арасында да жұмысына немқұрайлы қарайтындар жетеді. "Сол вирус келе қоймас маған, бізге" деп ойлайды. Бірақ вирус сенен сұрамай-ақ, жабысамын десе жабысады. Әйтесе, министрлік тапсырма беруіндей беріп-ақ жатқан шығар