Түсімде Министр боп кетіппін. Оянсам әлі шулап жатсыңдар бірдеңевирус деп, продуктоларыңыз бітпеді ме?

15 марш, 11:10
0 1

 Түсімде Министр боп кетіппін.
2025 жыл екен, өлі емес, тірі екем.
Еще байып кетіппін.
Анау-мынау емес, Шіріген бай дейді ғой қазақта, сондай бай.
Не істеп жүрмін десеңші, Қазақ ертегілерін, эпостық, лиро-эпостық жырларын толық зерттеп, балалар үлгі тұтатын, Қазақ боп туғанына мақтанатындай кейіпкерлер тауып, мықты сценаристермен бірігіп сценарий жазып, "Warner brothers" компаниясымен бірігіп шетелде Мультфильм түсіріп жүрмін.
Оларға "Шығынды өзім көтерем, кассаны 80/20 етіп бөліп алсақ болды" деп қоям, ақша шүкір, жетеді, шіріген баймын ғой өйткені. Сөйтіп мықты мультфильм дүниеге келіпті. Мультфильмдегі кейіпкердің бейнесімен түрлі зат шығып, маркетинг арқылы танымалдылық артса, әрі көп кәсіпкердің бизнесі жүруіне көмектесіп жүрмін. Дәптер, қалам, баланың сөмкесі, жаңа жылдық киімі-бәрі Қазақтың персонаждарымен сатылып жатыр екен. Әлем бойынша!
Мен ғана емес, Ақан Сатаев та менен қалмай мультфильм түсіріп жүр. Т.Бекмамбетовке не жоқ десейш?
Қазіргі күні қайыршының күнін кешіп отырған мультипликация саласы дамып, жастарды шетелде оқытуға ақша бөліп жатыр екенмін. Қазақтың мультфильмі әлемге танылып, қазақты, тарихын басқа ұлт мультфильм арқылы біліп жатыр екен. Қазақтың оюы әлемге танылып, сәнге айналыпты.
Оны қатырыппын.
Одан кейін әр қалаға санаулы ғана тойхана салуға бұйрық шығарыппын. "Осыған дейін той тойлауды ғана біліп Тойхана сала бергенсіңдер, хотя б жіп шығаратын зауыт неге шығармайсыңдар?" деп жәмән ұрсып өнеркәсіпті дамытып жатыр екем. Той жасаса, 150-ден артық адам шақырса, салық төлететін заң шығарыппын.
Сосыыын өзі тойса да көзі тоймайтын, қатынның үстіне қатын алып, ол қатындары туысымен қоса Қазақстанның байлығын төңкере бөліп алатын, елге пайда емес зиян келтіріп жүрген тоқал алғыш месқарын, қызықкөз вирус еркектерді Антарктидаға тыр жалаңаш күйі жер аударып жіберіппін. "Көрейік енді қалай қатын алар екен деп"). #СтрашноИә
Оянып кетіппін, иолки. Оянсам әлі шулап жатсыңдар бірдеңевирус деп, продуктоларыңыз бітпеді ме?)))