Нәзира Байырбек:"Айттым жоңғарлармен соғысып жүретін фильм түсіре бергенді қояйық деп"

13 марш, 08:47
0 1

Американың шындыққа тіке қарайтыны ұнайды.
Оқу орнында АҚШ тарихын оқимыз, сонда бұл елде барлық нәрсе бүкпесіз айтылатынын, тарих бұрмаланбайтынын байқаймын. Бұл еріксіз ішкі құрметіңді оятады.

Ал бізде ше?

Бір мысал: Нью-йоркке алғаш келген күні жоңғар маклермен таныстым дедім ғой.
Қазақша біліп тұрған соң таңғалып:
- Сіз кімсіз? - дегенімде:
- Жоңғармын, - деген.

Іштей “мәссаған!” деп, демімді ішіме тарта қалдым.

Ал жоңғар кісі мен күткендей жауап берді:

- Сендер, қазақтар, үнемі тарихи киноларыңда жоңғарлармен соғысып жүресіңдер ғой. Жоңғардан басқа жауларың болмағандай. Мен сол жоңғардың ұрпағымын, - деді.

P.S. Айттым жоңғарлармен соғысып жүретін фильм түсіре бергенді қояйық деп.