Жұлдыз Әбдікәрімова:"Бізге коронавирустан қарағанда қазақстандық мамандардың сөзі қауіптірек боп тұр..."

12 марш, 09:50
0 1

Бұл жолы көпбалалы ана ретінде сөз қозғағым келеді.

Бізге коронавирустан қарағанда қазақстандық мамандардың сөзі қауіптірек боп тұр... Қай жағымнан кеп қалар екен деп шошынған халық одан бетер үрейлене түсті.

Бір ауыз сөздің сауды ауру қып, ауруды сау қып жіберетінін түсінетін халықпыз. Бірақ соны ел алдына шығып сөйлейтіндер неге қаперге алмайды екен?! Айтарын айтып алған соң халыққа өкпелейді.

“Потому что, потому чтоны” енді наконец_то жалғастырды. Бас санитар дәрігерінің сөзін “Бізге де келеді деген #ойдамыз” деп Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі тікелей эфирде жалғастырды. Қазақ тілінде “келеді деген ойдамыз, береді деген ойдамыз, сауығады деген ойдамыз” тіркестері жақсылықтан үмітті екенін жеткізу үшін қолданады. Бірақ “ертең вирус келеді деген ойдамыз” деген тіркестерді тікелей эфирде қаншама халыққа жеткізу өте үлкен қателік деп ойлаймын.

Сондай-ақ, өкілдің айтуынша Қазақстан коронавирусқа қарсы профилактика жасаған БІРІНШІ мемлекет екен. Сондықтан бізде вирус жоқ. Ал Италия сынды Еуропаның басқа елдері сақтанбаған сыңайлы... Осы жерде күлмеске болмайды. Дәріханаларында бір де бір маска жоқ, карантинге жабатын ауруханаларында күй жоқ, қалай бірінші боп дайындалғанымыз қызық.

Мен ешкімді сынға алмаймын. Алайда ана ретінде, осы елдің азаматы ретінде математикалық модельдің вирусты қалай жеңетінін, біздің мамандардың “Дайынбыз!” деген сөзін нақтырақ жеткізетін дәйектерді білгім келеді және ең бастысы халық алдында айтар ойларын сауатты жеткізуін сұраймын.

Бас санитар дәрігердің болжамы рас болса, халыққа масканы тегін таратып, автобус, цон, мектеп, көпқабатты үйлердің подъездеріне кіріп-шыққан адам қолын тазалайтын антисептиктер орналастырса, нағыз профилактика болушы еді. Көп сөйлейтін конференцияларға бөлінетін қаржыны көп нәтиже беретін істерге бағыттаса деген ұсынысымыз бар
#zhuldyzabdukarimovaofficial