Неге биліктегілер әр бизнесті мың қырық қатынына бөліп беріп, халыққа соқыр тиын да артылмай отыр?

10 марш, 10:02
0 1

 Қытайдың шекарасы жабық, Қазақстанда 1 түйме де шықпайды. Даярға маяр боп үйренгенбіз.
Басқа елден тауар $$-мен келеді, ал долларыңыз бүгін ҰШТЫ!
Былай жалғаса берсе шұлығыңыздың бағасы 5000 теңгеге жетуі мүмкін. Ортада кім зардап шегеді? Айлығы он жылдан бері өзгермейтін халық, әрине!
Бірақ қазақты бұл алаңдатпайды, қазақты біреудің "Қыз-маркер" деген түбіне жетпей жатып, түкке тұрмайтын сөзіне ренжиді, сол үшін еще плакат көтеріп алаңға шығады, әлеуметтік желіде сол бір сөз үшін қырық пышақ боп жатырмыз.
Ал бұл уақытта бүкіл арнаң #какойто түрік пен кәрістің сериалымен елдің миын зомбилап жатқанынан шаруаң жоқ.
91 жылы түгі жоқ болған БАӘ (араб елі) мен дүние жүзі баратын қазіргі жағдайын біздің елмен салыстырыңызшы, "Олар неге бай ел?" деп сұрасаңыз, жақсы, мұнайы бар. Бірақ олардыкынен көп мұнай бізде де бар. Ендеше неге байымайды еліміз? Неге биліктегілер әр бизнесті мың қырық қатынына бөліп беріп, халыққа соқыр тиын да артылмай отыр?
Мүмкін даярға маяр, болмайтын маркер, қарандаш, сия сияқты дүниені әңгіме қылатын ниет-мінезімізден болар???

www.instagram.com парақшасынан