Ләйлә Сұлтанқызы:"Мен анамын, маркер емеспін!"

07 марш, 14:56
0 1

Байқайсыз ба, биылғы 8 наурыз басқа наурыздан өзгерек! Әдетте мұндай теңеу жақсылықта айтылушы еді. Бұл жолғы қолданыс бөлек. Оған бір емес, бірнеше негіз бар: Короновирус, мерекенің ресми тойланбауы, демалыстың жұмыс күніне айналуы, митингтер, бір кісінің әйелдердің намысын таптау арқылы өзін танытуы

Бәріне болмаса да, біріне қатысты өз пікірімді білдіргім келеді. Біріншіден, мен әйелмін, тауар емеспін! Мен анамын, маркер емеспін!

PHD-ға тырысып, executive MBA -да оқып жатқан, бір уақытта бірнеше бизнес жүргізіп, отбасымның тыныштығы мен жолдасының разылығы үшін тайменеджментті ретеп отырған – әйелмін. Қос ұлымның білімді болуы үшін барын аямай, дұрыс тұлға боп өсуіне тәрбие беріп отырған – анамын. Салт пен дәстүрді ұстанған, қазақи құндылықтарды жоғары қойған үлкен әулеттің – келінмін. Мен 17-18 ғасырдың түсінігімен өмір сүргісі келмейтін, өз құқығын таптатуға жол бермейтін қазақтың қызымын! Бірақ, ЕШҚАНДАЙДА МАРКЕР ЕМЕСПІН !!!

Тек «сызуға» пайдаланатын маркер сияқты ӨЗІМДІ лақтырып тастауға жол бермеймін. Қызы барлар да біреуге қолданысқа беру үшін мәпелеп отырған жоқ! Олар да үкілеген үмітін Гарвардта оқытып, математика, музыка, спорттан олимпиада чемпионы болғанын қалайды. Мықты генетик, биолог, дәрігер, мұғалім бастысы АДАМ болып өскенін қалайды. Ал қызға тамақ жасауды, үй тазалығы мен тұрмысқа шығып, ана атануы жайлы ата-ана онсызда жиі айтатын білетін боларсыздар... 

Инстаграмдағы парақшасынан