Газ құбырындағы жөндеу жұмыстары: Газ қызметкерлері жүйені қысқы маусымға әзірлеуде

07 тамыз, 19:50
0 1

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік бөлімінің ақпараты.

2020 жылдың 10-14 тамыз аралығында Д-530 мм орташа қысымды газ құбырындағы 2 дана бекіткіш арматураны ауыстыру, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты, Наурызбай ауданы Пионерская көшесінде, Таугүл подстанциясында: Наурызбай ауданы Пионерская көшесінде, фермерлік шаруашылықта, Ақжар шағын ауданындағы тұрғын үйлер мен нысандарда, Қалқаман-2, Алтын Алаш, Каменка шағын аудандарындағы 7216 жер үйде, 102 коллективті секторда, 74 тұрмыстық-шаруашылық және өндірістік шаруашылық өнеркәсіп нысандарында уақытша газ сөндіріледі.


Осы орайда жергілікті тұрғындардан газ крандарын жабуды, жөндеу жұмыстары аяқталып, газ шаруашылығы қызметкерлерінің жұмыстары реттелгенге дейін крандарды ашпауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздық туғызған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз. Бұл жұмыстар Алматы қаласының газ желілерінде апатты жағдайларды алдын алу үшін жасалуда.