Қайынағамды іздеймін

18 марш, 09:42
0 1

Мен Қазиқызы Жанар Қызылорда облысы, Қазалы ауданында тұрамын.
1963 жылы 28 қаңтарда туылған Әбдіров Тәуірбай Нағыметуллаұлы есімді қайынағамды іздеймін. 1985 жылы отбасын құрып, 2 қыз, 1 ұлды болған. 1995 жылы Алматы қаласына отбасымен көшіп кетіп, «Өжет» деген жерде тұрған. 2003 жылы отбасынан ажырасып кетті.
75 жаста анасы бар, баласын көрмегелі 15 жылдай уақыт болды. Енем баласын іздеп, уайымдайды, жиі ауырып қалады. Тым болмаса бір рет көрсем деген Аналық тілегі бар.
Отбасынан ажырасқан соң 2005 жылы біраз уақыт ауылда тұрды, содан кейін жеке куәлігін жасатып алып кетіп қалады.
2006 жылы бауырлары іздеп, Алматы облысы, Бақанас ауданынан тауып әкелген. Одан соң қайтадан Алматы жаққа кеткен, содан хабарсыз, көрдім-білдім деген нақты ешкім жоқ. Бұл туралы құқық қорғау органдарына шағым берілген жоқ. Тек ұзынқұлақ хабардан «балық аулап өткізеді екен» дегенді естідік. Шамалауымызша Алматыға жақын аудандардың біреуінде тұрады деп топшылаймыз.
Айта кететін жайт, естуімізше жүрген жерінде ешкім өз атымен емес, лақап атымен «Толик» деп атайды екен. Осы кісіні табуға көмектессеңіздер екен, ана тілегін орындасаңыздар деген уәжім бар. Алдын ала алғысымды білдіремін.

Іздеу салушы:
Қайназарова Жанар Қазиқызы
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр 129 үй, 6 пәтер
Тел: 87754964472.
Эл.пошта: janar_kazikyzy@mail.ru