Байғұс ресторандар тұр енді есік алдын қурай басып

21 қараша, 12:28
0 1

Куаныш екеуміз екі күнде Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап шықтық. Көрген, білгенді арнадан көріп, газеттен оқисыздар ғой. Жолай түйген жәйт: Алматы агломерациясында тойхана көп екен. Дәулетіне сәулеті жарасқан тура. Әр ауылда екі-үштен-ау) Салына бастап, тоқтап қалғаны, енді "сақалы желбірегені' қанша. Байғұс ресторандар тұр енді есік алдын қурай басып) Екінің бірінде "Продам" деген жазу. Тегі, қос қабатты бір тойхананы іргеден көтеріп, толық іске қосу үшін кететін шығын 35 млн теңгеден 70 млн теңгедей екен. Бұл әншейін өзімнің доғал есебім де. Бір люстрасы 7 млн теңге тұратын кафе көріп ем бұрын)
Жоқ, іштарлық емес #Әшейін, 35 млн.ға 80 кв/м 3 үй салуға болар еді. Немесе шағын зауыт ашқанда ғой...
Иә, "той Тәңірдің қазынасы", пандемия Құдайдан емес, заман оңалар)
Айтпақшы, бір саяжайда жол жоқ, су жоқ, мектеп жоқ, балабақша жоқ... тұрғындар демеуші тауып, қалған ақшаны өздері шығарып мешіт салып жатыр екен...