Желіде күнде жағажыртыс, күнде жалаң сөзбен сезім білдіру...

22 мүмкін, 12:50
0 1

Онлайн-Өмір
Маған ол түк те ұнамайды.

Біреудің қуанышы болса, бәрі жапатармағай "құтты болсын!" деседі. Роботтар сияқты. Солай болуы керек. Бәрі құттықтап жатыр.
Кісі қайтады. Баяғыда демей-ақ қояйын, мен оқыған кітаптарда кісісі өлген үй қырық күн аза тұтатын. Қазір ет жақыны желіде жария етеді. "Иманды болсын" деу - "парыз". Тағы роботтар елестейді.
Бару, көру, ортақтасу, бөлісуді былай қойғанда, адамға адам қоңырау шалудың өзі азайған.
"Бет көрсе, жүз ұялады"
Көзіне көзің түсе қалса, кірпігің төмен қадалатын адамдар болушы еді.
Қазір бетің бар, жүзің бар демейді. Желіде күнде жағажыртыс, желіде күнде жалаң сөзбен сезім білдіру...
Бұл жер жақсы жазбалар, өлеңдер оқуға, кейбір суреттерді жариялауға болмаса...
Мен жалғызсыраймын.
"Адам іздеймін, Тірі адам..."

Жадыра Байбұланова
Фейсбуктегі парақшасынан