Дамыған елдер карантин біткеннен кейін де дәл БІЗ сияқты топтанып, жұмарланып, бет-к@т "сүйісіп" жүрген жоқ!

22 мүмкін, 10:31
0 1

Карантин

Қандай карантин? Карантин тек тойхана мен асханалар үшін (кафе, ресторан) сияқты. Оларды ашып-ашпаудың енді мәні қалмады. Себебі көшеде сабылған адамдар мен көліктер карантинге дейінгіден де көбейіп кеткен. Әсіресе базар, банк, банкомат, пошта, оптовка, дүкендерде адамдар маска, перчаткасыз "бет сүйісіп" (жабысып) тұрғанын көргенде, шынымен коронавирус жоқ па деп ойлап қаласың. Балаларын желектетіп ерткен адамдарды көргенде, енді сөзім жоқ! Ау, халқым, кішкене сананы пайдаға асырайық та? Не деген бей-берекет бейқамдық бұл? Күніне неше жүз адам емі жоқ індетке шалдығуда, сандар шошынарлық! Неге сақтанбаймыз? Дамыған елдер карантин біткеннен кейін де дәл БІЗ сияқты топтанып, жұмарланып, бет-к@т "сүйісіп" жүрген жоқ! Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қорғаныш құралдарын пайдаланып, барынша ұсынылған талаптарды орындауда. Ал біз ше? Дамыған ел емеспіз өйткені дейтін шығарсыздар? Елді дамытпай отырған өзіміздің осы "мәдениетсіз" мәдениетіміз емес пе? Неге сақтанбаймыз? Неге бір-бірімізге жабысып өліп барамыз? Ауызашар, жиын, отырыс тым қарқынды. Бәрінің айтатыны -"коронавирус жоқ, бәрі ойдан шығарылған". Көкем-ау, сол індет туралап басыңа келсе, айтып көрші солай?! Енді тойхана, асханаларды ашып-ашпау бәрібір сияқты, халықты құй тойханада жина, құй үйде жина.... Саранчадай өліп барады-ау! Кішкене шыдасай! Сол көршіңді үйіңе ауызашарда шақырмасаң, тойға берген тайлағын қайтып ала ма?!

Кеше мамамды ауызашарға шақырыпты. Мен қарсы болдым "ренжісе, араласпай-ақ қойсын, аман болсақ, тойлап үлгереміз, тыныш отырайық" деп. Мамам да мақұл көрді.

Көрші шақырды. Мамам бармады. Барғызбадық, ит біле ме қандай адамдар жиналатынын?

Жұмыста бәрі маскасыз, перчаткасыз. Бірен-саран мен сияқты "қорқақтар" ғана маскамен адам көп жиналған жерден үркіп, қол алыспай амандасып жүргендер. Қол алмағаныма ренжігендер қаншама! О, тоба! Менімен қол алыспаса, ренжімеймін, айналайындар. Тіпті алыстан да амандаспай-ақ қой, ренжімеймін, әгәрәки құда боп жатсақ, ретін тауып татуласармыз)))

Айтайын дегенім, Италияның кебін кимесек