Ол жүргізуші ол балада вирус барын иіскеп біле ме?

26 марш, 22:51
0 1

Шымкенттегі вирус жұқтырған баланы апарған автобус жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылады.
"Карантиннен кейін автобус жүргізушісі ӘК 571 бабына сәйкес жауапқа тартылады. Бұл жолаушылар тасымалы ережесін бұзу. Қазір жүргізуші карантинде жатыр", депті тengrinews.kz-тің орысша ақпараты.
Ол жүргізуші ол балада вирус барын иіскеп біле ме?
Мақұл, артық жолаушы алды десе, жалғыз ол емес, барлық автобус жүргізушілері жазалануы керек қой. Өйткені барлығы сөйтетінін автобуспен жүріп көрген адам ретінде мен де білем. Менен басқа да адамдар осында жазып жатты. (Жүргізушінің жазалануы вирусқа қатысты емсе болса, неге ашып айтпаған?)
Ал өзі карантинде жатқан сол автобустың жүргізушісін ғана жауапқа тарту логикаға сымайды. 

facebook.com парақшасынан