Халықтың қарыны ашпасына сенімдісіз бе...

26 марш, 15:22
0 1

Кухняға бара беретініміз қалай... Енді сыртқа шықпай, үйде отырған адам қайтеді?!
Бірнеше адамның "бүгін жейтін тамағымыз жоқ" дегенін естідім. Жүрегің ауырады.
Үкімет халықтың жағдайын ойламаса болмайды. Елдің бәрі еріккеннен Магнум мен базар аралап жүрген жоқ. Оған жете алмай жүргендері қаншама...
Өткенде Магнумда кассаға кезекте тұрсақ, "Мына жұрт өле ме? Осы қазақ оңбайды, неғып бәрі өріп жүр?" деп, бір замандас төгілтіп келе жатыр еді, "Екеуміз сияқты адамдар ғой" дедім. "Менің алғаным мынау ғана" деп қолындағы жұмыртқасы мен туалет қағазын көрсетті. Менің алдымнан өтерсіз онда, жүйкеңізді сақтаңыз дедім. Басылып қалды. Әңгіме арасында "кеше мына касса істемей тұр еді, бүгін бәрі істеп тұр екен" деді. Бәсе дедім іштей, дүкенге бірнеше келіп керегіңді түгелдей алатын болсаң, халықтан үстемдеу сөйлегің, ақыл айтқың келіп "арқаң" қозатыны бар-ау...
Қатардағы қара халық бірін-бірі түсінгісі келмейді, жоғарыға қалай жеткіземіз, халық үнін?
Халықтың қарыны ашпасына сенімдісіз бе, ҮКІМЕТ?!

Сараш Қоңырбаева
Фейсбуктегі парақшасынан