Қысылтаяң шақтан шығудың әдемі жолы...

26 марш, 14:24
0 1

Кешелі бері қанша адам "онлайн оқыту білім болып жарытпайды, тоқтату керек" деп шулап жатыр. Бұл мүмкін шындық шығар, бірақ тығырықтан шығудың жолы емес. Себебі егер онлайн сабақ болмаса, онда мұғалімдердің де жалақысы жүрмейді. Ал ол - жарты Қазақстан аш қалады деген сөз. Сондықтан үкімет әйтеуір ептеп осындай жол ұсынып отыр. Шүкір, қазір интернеті жоқ ауыл аз, ең құрығанда телефонында болса да бар. Сол арқылы болса да, білім алам деген адам жолын табады. Ал басқасы сылтау.
Қала берді, Дәурен Абаев мырзаның өзі бір емес, екі бірдей арнадан сабақ өткізуге болады деп отыр. Ендеше, "қоя салайық" деп кері тартпай, разумно ойланайық. Әрі балалар да үйге сыймай кетеді, ертең онлайн сабақ оқымаса, онда бәрібір соғұрлым интернеттен кино көріп, әлеужелілерге кіріп, уақытын босқа кетіреді. Сондықтан даурықпас бұрын осы жағын ойлану керек.
Онлайн оқыту меніңше балаларды зеріктірмей, ұстаздарды аш қалдырмай, осы бір қысылтаяң шақтан шығудың әдемі жолы қайта!

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан