Айтыңдаршы Біртанов, Тоқаев ағаларға...

25 марш, 12:27
0 1

Достар, мен бүгін қала жаққа шықтым. Жұмысқа барып қайту керек болды. Не көрдім дейсіздер ғой.

 

Балаларын жетектеп жайбарақат жүрген ел. Маска жоқ. Қорғану жоқ. Алаңсыз.

Болмайды мынау. Сөз ұқпайды біздің ел.

 

Митингке шыққан елді ұрып-соғып, тиеп алып кететін еңгезердей жігіттер мен дәу келіншектер бар еді ғой. Соларды көшеге кезекке қойып, мына қаңғыған елді үйлеріне ұрып қуып тыққызбаса, біз мына вирусты жеңуіміз екіталай.

Шын айтам. Әзілдеп отырған жоқпын. Болмайд мына жағдай. Карантин деп қорғанып жүрген ешкімді көрмедім.

 

Айтыңдаршы Біртанов, Тоқаев ағаларға. Просто еңбектері еш кетіп жатыр. Бір шара қолдансын. Заң жүзінде. Бұйрықпен. Далада жүрген халыққа штраф саламыз десін. Немесе жаңағы мен айтқандай ОМОН мен СОБРды жұмылдырсын.

 

Марал Киокушинкай
Фейсбуктегі парақшасынан