Сәл бірдеңе болса, "шет қалма, үлесіңді қос" деп шеттерінен үндеу жасап шығады

23 марш, 19:31
0 1

Осы қит етсе, "үлесіңді қос, үлесіңді қос" деп қақылдап қалатыны не биліктің? Біз үлесімізді қосып келеміз ғой: салық төлейміз, оның сыртында қаншама төлемдер төлейміз бюджетке. Билікке қол жаймай, бір тиын көмек алмай өз тіршілігін өзі жасап жатқан қаншама адам бар. Соның өзі мемлекетіне қосқан үлесі емес пе, білген адамға. Қарапайым адам қазіргідей қымбатшылық заманда қандай үлес қосады? Жұрттың бәрі форбстың тізімінде жүрген жоқ қой)
Жоқ, сәл бірдеңе болса, "шет қалма, үлесіңді қос, сүйт, бүйт" деп ақыл айтып, шеттерінен үндеу жасап шығады.
Коронавирустан әркім өзін, отбасын сақтап аман шықса, сол ғой ең үлкен үлес. Біреулер вирусты да бизнеске айналдыруға құштар ма деп қаласың.

Өміржан Әбдіхалықұлы
Фейсбуктегі парақшасынан