Сатушы басқа тілде жауап берсе онымен ұрыспаймын, керіспеймін. Тек басқа дүкенге кетемін

13 ақпан, 22:31
0 1

 Қазақилықты, қазақ мүддесін биліктен талап ету әбден негізді де қажет. Алайда жеткіліксіз. 70 пайыздан асқан қазақтың өзі бірлесе тірлік етсе талай түйткілді еңсеруге қабілетті. Санды сапаға аударар кез келді. Оның жолдары көп. Соның бірі ғана ретінде, мәселен, өз басым дүкенде тек қазақша сөлеймін. Сатушы басқа тілде жауап берсе онымен ұрыспаймын, керіспеймін. Тек басқа дүкенге кетемін. Осылайша бүгін он, ертең мың, ал бүрсігүні миллион қазақ жасаса, нәтиже болмақ түгілі болады. Айтпағым - көп нәрсені өзіміз-ақ заңды жолмен шеше аламыз. Жоғарыдан күтпей, өзімізден бастасақ. Үлкендер боп жастарға жөн сілтесек.

facebook.com  парақшасынан