Жеті минутта екі гол салған Роналду бомбардирлер жарысында топ бастады (видео)

23 ақпан, 12:27
583

Жеті минутта екі гол салған Роналду бомбардирлер жарысында топ бастады.

 

Туринде өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду (38 және 45-ші минут) дубль жасады, тағы бір допты Уэстон Маккенни (66) салды.

 

Осылайша, португалиялық ойыншы А сериясында биыл өнер көрсеткен барлық командаға гол салды, деп хабарлайды Goal. Сонымен бірге, Роналду осы маусымдағы 18-ші голын салып, сұрмергендер жарысында "Интер" форварды Ромела Лукакудан (17) асып, көш бастады.

 

"Ювентус" 45 ұпаймен турнир кестеінде үшінші, ал "Кротоне" (12 балл) соңғы келеді.

 

 

 

 

kaz.vesti.kz