Футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды

04 шілде, 02:07
0 1

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы футболдан Қазақстан чемпионатының уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Айта кетейік, кеше мемлекеттік комиссия Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

 

Қабылданған шараларға сәйкес, спорттық іс-шараларға қатаң тыйым салынған.

 

Осылайша, Olimpbet Қазақстан чемпионатының матчы қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 14 күнге тоқтатылып отыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгілі болғанын жазған едік.

 

Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген елдердің футболдан ішкі чемпионаттары мен еурокубок матчтары тоқтатылған болатын.

 

Басылым мәліметінше, Чемпиондар лигасының қалған матчтары Лиссабонда "Сегіздік финалы" форматында өтеді.

 

Сонымен қатар, Еуропа лигасының ойындары да аталған үлгіде Германияда жалғасын таппақ. Еуропа суперкубогі сарапқа салынатын дүбірлі доданы Будапештте өткізу жоспарланған.

 

Ал әйледер арасынлағы Чемпиондар лигасы Испанияда өтеді.