Месси 700-ші голын соқты

01 шілде, 15:27
0 1

 Ла Лиганың 33-турындағы матчта "Барселона" капитаны Лионель Месси тағы бір рекорды бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның пенальтиден 50-минутта "Атлетико" қақпасына соққан голы 33 жастағы аргентиналыққа өзінің кәсіби мансабындағы 700-ші добы болды. Қазіргі уақытта Месси "Барселона" үшін 724 матчта 630 гол соқты. Ол сонымен қатар Аргентина үшін 138 матчта 70 гол соқты.

Ағымдағы маусымда Лионель Месси Испания чемпионаты-2019/2020 маусымда 28 матчта 22 гол соғып, 17 пас берді.

Prosports.kz.